Медициналық көмектің сапасын арттыру және қолжетімділігін дамыту

Медициналық көмектің сапасын арттыру және қолжетімділігін дамыту Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев ОКҚ-да өткен Алматы қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 5 айдағы негізгі қорытындылары туралы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті (АМӘК) дамыту әкімдіктің 2022 жылғы жұмысындағы басымдық бағыты болып табылады.


Емханаларға түсетін жүктемені азайту және консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін осы жылдың соңына дейін  Кемел және Мамыр шағын аудандарында 2 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны салу және №11 қалалық емхананы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ Саялы, Қарасу және Нұршашқан шағынаудандарында 3 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып, 2023 жылы аяқталады. 
Емханаларды заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етуге 1,7 млрд. теңге бөлінді. Бұдан басқа, жылдың соңына дейін 2 емхана мен 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2023 жылы тағы 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталады. 
Ана мен бала өлімін азайту үшін биыл Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының жаңа корпусы салынып бітеді, 4 перзентхана мен 2 балалар стационарын 2,8 млрд. теңгеге техникалық жарақтандыру жақсартылады.
Өкінішке орай, өткен жылы ана өлімі бойынша өте жоғары көрсеткіш орын алды (26 жағдай). Осы жыл біздің қалада ағымдағы жылдың І-ші жарты жылдығында 3 ана өлімі орын алды, оның 2-еуі – Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын Акушерлік, гинекология және перинатология республикалық ғылыми орталығында және 1 – Қалалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында (босану 24.02.2022 ж., өлім орын алған жер: үйде 05.03.2022 ж.). 
Қан айналымы жүйесі ауруларынан, онкопатологиялардан болатын өлім жағдайын азайту үшін үш жылдық бағдарлама шеңберінде 6,9 млрд. теңге сомасына көп бейінді стационарлар жаңғыртылады. 
Сондай-ақ, аса тапшы мамандықтар бойынша 240 дәрігерді даярлау және 1000 медбикені оқыту жүргізілуде.
2022 жылы медициналық-санитарлық алғашқы  көмекті дамыту медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, ана өлімін 3 есе азайтады (100 мың тірі туғанға шаққанда 53,7-ден 18,9 жағдайға дейін).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет