«Медеу» мұз айдынында конькимен жүгіруден ҚР Кубогы өтеді

23-24 ақпанда Алматының «Медеу» мұз айдынында конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылы өткізілген Универсиададан кейін «Медеуде» алғаш рет ұлттық деңгейдегі жарыс ұйымдастырылмақ.

Кубокқа әртүрлі жастағы 80-ге жуық спортшы қатысады.

ҚР Республикасы Кубогының біріншілігі төрт қашықтықта ойнатылады:

— 23 ақпан – 500 м, 1500 м (ерлер мен әйелдер)

— 24 ақпан – 1000 м, 3000 м (ерлер, әйелдер)

Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан конькишілерінің ұлттық федерациясы, «Медеу» мұз айдыны.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close