Медеу ауданының әкімі тұрғындарды екпе алуға шақырды

Медеу ауданының әкімі тұрғындарды екпе алуға шақырды
almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев алматылықтардың қалыпты өмірге қайта оралуы коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасу жылдамдығына байланысты екенін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ол мегаполис тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцинаны кешіктірмей алуға шақырды. Әкім бүгінде ауданда тегін вакцина алуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Кез келген адам қаланың 200-ден астам екпе пунктінің біріне жүгіне алады, оның 23-і Медеу ауданының аумағында орналасқан.
Сіз екпе пункттерін 12 жерден таба аласыз:
№1 БП – 3 пункт, Гоголь көшесі, 53;
№2 – 2 пункт, Шухов көшесі, 37 Б;
№5 БП– 6 пункт, Достық даңғылы, 220;
Алатау қалалық ауруханасы, Жетбаев көшесі, 28;
Кеңсай шағынауданындағы ФАП, Сәрсенбаев көшесі, 55 А;
"Думан" дәрігерлік амбулаториясы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі, 42;
Медеу ауданының БМСК орталығы, Қалдаяқов көшесі, 74;
Республика сарайы-2 пункт, Достық даңғылы, 56;
"ГУМ" СҮ, Қонаев көшесі, 21;
"Жасыл базар" – 2 пункт, Жібек жолы даңғылы, 53;
"Алма" СҮ, Жібек Жолы даңғылы, 55;
"Dostyk plaza" СОСО-2 пункт,  Самал-2 шағынмауданы, 111;
Коронавирусқа қарсы екпе науқанына 115 медицина қызметкерінен тұратын 23 бригада жұмылдырылды.

Әсет Масабаевтың айтуынша, халық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды мұқият сақтап, вакцинаға баруы, сондай-ақ бетперде тағуды жалғастыруы, әлеуметтік қашықтықты сақтауы, адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.

Індет кезінен бастап Медеу ауданында аурудың 6 060 нысаны анықталды. Сондықтан барынша сақ болу керек, ал қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы – вакцина алу.

Жалпы, аудан бойынша 111 529 тұрғынды вакцинамен қамту жоспарлануда, бұл алматылықтардың 70% құрайды. 1 ақпан мен 29 шілде аралығында 82 388 адам екпе алды.

Әсет Масабаев Медеу ауданының тұрғындарын COVID-19 вакцинасын алуды жалғастыруға шақырды.

"Вакцинадан өтпеген  қала тұрғындары  қауіпті. Бүгінде 4 мыңнан астам алматылық ковидтік стационарларда емделуде. Егер біз өлім-жітімді азайтып, әдеттегі өмір ырғағына оралғымыз келсе, мүмкіндігінше көп адам екпе алуы керек", – деді аудан әкімі.

Айта кетсек, сәуір айында Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев КВИ-ге қарсы екпе алды. Сондай-ақ жақын туыстары да вакцина алды.