Медеу ауданының инфрақұрылымы кешенді түрде дамитын болады

Медеу ауданының инфрақұрылымы кешенді түрде дамитын болады Сурет: Almaty-akshamy.kz

"Думан", "Көлсай", "Мұзтау" шағынаудандары «Жаңа Алматы» жоспары аясында инженерлік желілермен қамтамасыз етілді


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Таза су мәселесі бүгінде Алматының барлық аудандарының тұрғындары үшін өте маңызды. Медеу ауданында сумен жабдықтау желілерін жаңғырту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жаңа желілердің құрылысы – бұл ең алдымен адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс», - деді Ә. Масабаев.



Медеу ауданының инфрақұрылымы кешенді түрде дамитын болады. Шет аймақтардың тұрғындары барлық коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етіледі: су, газ және электр.


Осылайша, "Думан" шағынауданында 19 км сумен жабдықтау және 25,5 км су бұру желілерін төсеу бойынша жұмыстар аяқталды. Бүгінде 1505 үй сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылды. Барлығы 1586 үй қосылады.


"Көлсай" шағынауданында 15 шақырымнан астам инженерлік желілер тартылды, 68 үй суға қосылды, барлығы 315 үйді сумен қамтамасыз ету жоспарланған. "Мұзтау" шағынауданында жалпы ұзындығы 16,7 км сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілерін төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Коммуналдық қызметкерлер жоспарында 267 үй бар.


Әсет Мұсабаев "Каменское плато" шағынауданында инженерлік желілер жүргізіле бастағанын, мұнда жалпы сомасы 300 млн теңгеге резервуар салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ұзындығы 15,5 км желілерді салу жоспарлануда, іске асыру мерзімі – 2022 жыл.


Алдағы жылы С. Нұрмағамбетов, Р. Бағланова, Т. Бигелдинов, Маңғыстау, Радлов, Трофимов, Сахариев, Хмелев, Топорков, Максимов, Домбыра, Бастыр, Орманов, Базарбаев көшелерінде су бұру желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, жергілікті органдар Иштван Қоңыр, Таиров, Кәрімбаев-1 және Кәрімбаев-2 көшелерінде тұратын "Думан" шағынауданының (81 үй) тұрғындарын суға қосуды жоспарлап отыр.


Сонымен қатар, Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі №44 бастауға көтерілетін НС-1 (сорғы станциясы) жерасты көздерімен су тарту имаратының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Тәтібеков көшесінің бойында параллель көшелерді қоса отырып, кәріз желілерін салу бойынша ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.


Сөзінің соңында Медеу ауданының әкімі "Кеңсай", "Сұлусай" және "4 бірлестік" шағынаудандарында 1023 үйдің газға қосылғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26