Маңғыстаулық малшыларға 1,9 млрд теңге бөлінді

Маңғыстаулық малшыларға 1,9 млрд теңге бөлінді kyzylorda-news.kz

Қуаңшылық зардабын тартқан малшылардың тізімі жасалып жатыр


Қазір аймақта мал басы қайта саналып, тіркеуге алына бастады. Жергілікті әкімдіктер тізімге енген шаруа қожалықтарының мәселесін шешуге көмектеседі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Өңірде маусым айында 631 мың 179 түлік болған. Соның 460 мыңға жуығы аналық мал. Биылғы жазда 1 мыңнан астам ірі қара далада қырылды. Әсіресе, Онды, Мырзайыр, Басқұдық, Ұштаған, Жарма, Сазды ауылы маңындағы шаруашылықтарда жылқы шығыны болды.



Мал санағы аяқталған соң, шаруаның жем-шөпке жұмсаған шығынын ішінара өтеу үшін аналық малға қаржы беріледі. Мемлекет қазынасынан 1,9 млрд теңге бөлінді. Ешкі мен қойдың жасы 12, сиыр 18, түйе-жылқы 36 айға толуы керек.



Қысқы мал азығы қорын жасауға аймақ бюджетінен 5,3 млрд теңге қарастырылды. Оның 1,9 млрд теңгесі шөп, қалған 3,4 млрд қаражат жем сатып алуға жұмсалады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37