Мағзұм Мырзағалиев ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің төрағасы болып сайланды

Мағзұм Мырзағалиев ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Сурет:Tumba.kz

Тағайындау: Мағзұм Мырзалиев жаңа қызметке сайланды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ТМД-ға қатысушы елдердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«2021 жылғы 3 қыркүйекте онлайн форматта ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің VII отырысы өтті. Қатысушылар Кеңестің жаңа төрағасын сайлады, ол ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев болды», - делінген ҚР Экология министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Отырысқа ТМД мемлекетаралық экологиялық кеңесіне қатысушы мемлекеттердің – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Республикасының делегациялары, ТМД  елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Хатшылығының, ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің Атқарушы комитетінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушы елдер қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары мәселелерін талқылады.

Кеңес барысында ТМД ААЭЖ-ға мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Отырыс қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді, шешімдер қабылданды және отырыс хаттамасына қол қойылды.