Маймыл шешегі КВИ сияқты кең тарала алмайды

Маймыл шешегі КВИ сияқты кең тарала алмайды
Сурет: Azertag.az

COVID-19-ға қарағанда әлдеқайда аз жұғатын ауру.

Маймыл шешегі вирусының жұғу қарқыны жоғары болмағандықтан, коронавирус сияқты кең тарала алмайды. Бұл туралы Н.Ф. Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының профессоры, вирусолог Анатолий Альтштейн мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

«Маймыл шешегі - COVID-19-ға қарағанда әлдеқайда аз жұғатын ауру. Бұл вирустың он мыңдаған, жүз мыңдаған және одан да көп миллиондаған адамдарға кең таралуы бізге қауіп төндірмейді. Вирустың әр келесі берілу кезінде оның белгілі бір әлсіреуі болады. Маймыл шешегі вирусы адамнан адамға шамамен 10 рет берілуі мүмкін, содан кейін ол әлсірейді, сондықтан одан әрі берілу болмайды», -  деп толықтырды Альтштейн.