Майқапшағай өткізу пункті жұмысын бастайды

Майқапшағай өткізу пункті жұмысын бастайды
Сурет: Baribar.kz

Өткізу бекетінің жұмысын қалпына келтіру туралы келісімге қол жеткізілді.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Майқапшағай өткізу пунктінің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Пандемияға байланысты шектеулер салдарынан Қазақстан-Қытай шекарасында көліктер тұрып қалғаны белгілі. Уақытша жабық тұрған өткізу пунктерінің жұмысын қалпына келтіру үшін қытай тарапымен 15 ақпаннан бастап, «Нұр жолы», «Бақты» және «Достық» өткізу пунктілерінен бөлек, Майқапшағай өткізу бекетінің жұмысын қалпына келтіру туралы келісімге қол жеткізілді. Енді осы жұмысты іске асыру қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол кеденнен алынатын алым-салықтық толық бюджетке толық түсуіне назар аударды.

«Кедендік әкімшілендіру бойынша цифрландыру жүргізілуде қабылданып жатқан процесті оңтайландыруға, кедендік рәсімдер кезінде бизнесті жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың толық төленуін қамтамасыз ету керек. Осыған байланысты Қаржы министрлігі «Астана-1» және «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйелерінің сапалы жұмыс істеуіп қамтамасыз етсін», - деді Үкімет басшысы.