Маусым айында метроның екі стансасы іске қосылады

Маусым айында метроның екі стансасы іске қосылады
Сурет: Inform.kz

Метро стансалары іске қосылады.

Маусым айында метроның екі стансасы іске қосылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барасында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«2022 жылдың маусым айында метроның Әуезов ауданыныда орналасқан «Сары-Арқа» және «Момышұлы» стансалары іске қосылады. Осы арқылы күнделікті жолаушылар ағының 50 мың адамнан 86 мың адамға ұлғайтуға болады»,- деді қала әкімі.   

Бүгінгі таңда Төле би көшесін тесу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, ол үшін әкімдік 270 жер телімін босатуы керек, оның ішінде 63 жер телімін сатып алу бағасын келісіп, 207 учаске бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Бұл өткен жылы Абай даңғылы бойымен Момышұлы көшесінен батысқа қарай ашылған алты жолақты учаскемен бірге мегаполисіміздегі көлік ағынын оңтайлы қайта бөлуге және іргелес магистральдық көшелердегі көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.