Маусым айында қазақстандықтар 3 мыңнан астам алтын құйма сатып алған

Маусым айында қазақстандықтар 3 мыңнан астам  алтын құйма сатып алған
Сурет: Provitstraining.com

Алтынның жалпы салмағы 124,2 кг құрайды.

Осы жылдың маусым айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 124,2 кг немесе 3 188 құйма сатып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары арасында алтын құймаға деген сұраныс жоғары.

Мамандардың айтуынша, алтын құймалардың бес түрі ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие болғаны – 10 грамдық құйма. Оның жалпы сатылымдағы үлесі 30% – 17 435 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 12 801 дана (22%) және 20 грамдық құйма – 11 624 дана (20%), 5 грамдық құйма – 9 336 дана (16%), 50 грамдық құйма – 6 772 дана (12%).

«Алтын құймалар сенімді инвестициялық құрал бола алады. Банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінің клиентке ақшасын төлеп, құймаларды «күнбе-күн» сатып ала алатын мүмкіндігі – алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етуде негізгі факторға айналып отыр»,– делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосты. Бағдарлама жүзеге асқалы жалпы салмағы 2,1 тонна 57 968 алтын құйма сатылды.