Матрица: Қызылорда облысы "жасылдан" "сары" аймаққа өтті

Матрица: Қызылорда облысы "жасылдан" "сары" аймаққа өтті
Сурет: Telegram

Алматы қаласы "қызыл" аймақтан шыққан жоқ

2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Эпидахуалға байланысты жаңарған деректерді  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында жариялады. 

 «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

 «Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

 «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.