«Масс-медиа туралы» заң жобасының жаңа нұсқасы дайындалды

«Масс-медиа туралы» заң жобасының жаңа нұсқасы дайындалды
Сурет: Egemen.kz

Жұмыс тобы журналистер қауымының  ұсыныс пікірлерін ескере келе, заң жобасына біраз өзгерістер енгізген.

Ол жайында бүгін онлайн конференция барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің департамент директоры Жасұлан Өмірғалиев жан-жақты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Журналистердің мемлекеттік іс-шараларға еш кедергісіз өтуіне қосымша жеңілдік ретінде берілетін баспасөз картасына қатысты көп сын айтылған. Соған байланысты жаңа заң жобасында бұл картаны уәкілетті орган жанындағы комиссия береді деген бап алынып тасталды. Сондай-ақ енді ерекше жағдайлар туралы норма, цензура болмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарына бөлінетін гранттың ұзақ және қысқа мерзімді екі түрі қалдырылған және оны кім, қандай мақсатқа алғандығы порталда ашық көрсетіледі.

«Масс-медиа туралы» заң жобасының жаңа нұсқасы тиісті органдардың  сараптамасынан өткеннен кейін, Парламент қарауына жіберіледі.