Машина жасаушы шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау артады

Машина жасаушы шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау артады
Сурет: Ortcom.kz

Бұл туралы сала мамандарының форумында айтылды.

Биыл бұл мақсатқа 285 миллиард теңге бөлінген. Келесі жылы 300 миллиардтан астам қаражат қарастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл ақшаға ірі бизнеске он екі, орта бизнеске сегіз, шағын бизнеске үш пайыздық несие беру көзделген. Сонымен қатар машина жасауды дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр.

«Қазіргі таңда Үкімет отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Бұл қолжетімді бастапқы материалдармен және қаржыландырумен қамтамасыз ету. Сонымен бірге ел ішіндегі құндылықты дамыту, импортқа тәуелділікті азайту, жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңғырту. Үкімет ашық диалогқа және бизнеспен бірлесіп жұмыс істеуге дайын», - дейді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.