Машина жасауда отандық өнімнің үлесі аз

Машина жасауда отандық өнімнің үлесі аз
Сурет: Egemen.kz

 Бұл туралы мұнай-газ саласында машина жасаушылардың алғашқы форумында айтылды.

 Өткен жылы еліміздегі ең ірі 3 мұнай операторы 310 млрд теңгенің жабдықтарын сатып алған. Өкінішке қарай, оның тек 9 пайызы ғана отандық өнімдер, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қазір аталған салада заманауи жабдықтарға сұраныс артып келеді. Бірақ, отандық өнімнің үлесі аз. Олқылықтың орнын толтыру үшін бірлескен жобалар мен тың идеялар қажет. Пандемия отандық машина жасаушылар үшін үлкен қолбайлау болды дейді қатысушылар. Қазір қордаланған мәселерді біржақты ету үшін елімізде халықаралық орталық құрылған. Бұл ретте тиісті ведомстволар мен мүдделі тараптар аталған ұйыммен бірлесе жұмыс істеуі қажет. Себебі, мәселе бәріне ортақ. Қызығушылық танытқан инвесторларды қолдау да маңызды.

"Ішкі нарықты дамыту – кешенді шара, ортақ міндет. Оларды жүзеге асыру үшін мүдделі тараптарды белсенді атсалысуға шақырамын. Әсіресе, мұнай-газ саласындағы ірі операторлар, машина жасаушылар мен мемлекеттік органдар шет қалмауы тиіс. Форум жұмысы жемісті болады деген үміттемін", -  дейді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр.