Mас жүргізуші аялдаманы бұзып кетті

Mас жүргізуші аялдаманы бұзып кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Аялдамада адамдар болмаған

Арқалық қаласында полиция қызметкерлері аялдамаға соғылған көліктің жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Полиция ВАЗ 2112 автокөлігін тізгіндеген 26 жастағы жүргізуші аялдамаға соғылғанын, оны куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізгенін хабарлайды. Ол мас күйінде болғаны да нақтыланады.

"Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап санкциясы 20 тәулік мерзімге қамауға алуды және 7 жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айыруды көздейді", – делінген хабарламада.

Полиция жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамада адамдар болмағанын атап өтті.