Мас күйінде көлік жүргізген 437 алматылық жазаланды

Мас күйінде көлік жүргізген 437 алматылық жазаланды
Сурет: Malim.kz

 Алматы полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаның бұлтартпау қағидасы туралы еске салды.

Кішігірім іс-әрекеттің өзі үлкен қателіктердің алғышарты болатыны белгілі, оның бағасы – адам өмірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Полиция, “нөлдік төзбеушілік” қағидатын, жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында тұрақты негізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтау бойынша мақсатты іс-шаралар жүргізеді. Жыл басынан бері 653 әкімшілік іс қарастыру және шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Оның ішінде 437-сі көлік құралын мас күйде басқару деректері бойынша, 26-сы – қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кету деректері бойынша, 17-сі – медициналық тексеруден өтуден бас тартқаны үшін, 4 – жалған нөмірді автокөлікке орнатқаны үшін және тағы 2 – көлік құралына стробоскоп пен СГУ орнатқаны үшін. Нәтижесінде соттың шешімімен 376 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 398 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Баяндамашы қала аумағында борышкерлерді, сондай-ақ өз еркімен әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген адамдарды анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Көлік құралдарын мамандандырылған тұраққа орналастыру және қамауға алу түріндегі әкімшілік шараларды қолдану арқылы борышкерлерді анықтау жұмыстары күшейтілді.