Марста ежелгі көлдің ізі табылды

Марста ежелгі көлдің ізі табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Миллиардтаған жыл бұрын Қызыл ғаламшарда теңіз, көлдер болған

АҚШ-тың ұлттық әуе-ғарыш агенттігі – НАСА ежелде Марс ғаламшарында болған көлдің ізін тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
  
Кьюросити ровері қазір Элоида тауының етегінде жүр. Гейл кратерін зерттеу барысында бұл құрылғы ежелгі көлдің толқындары әсерінен өзгерген тау жыныстарын тапты. 

Ғалымдардың пайымдауынша, ежелде, осыдан миллиардтаған жыл бұрын, Қызыл ғаламшарда теңіздері, көлдері мен өзендері болған.