Мария Федотова жүзуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Мария Федотова жүзуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Сурет: Instagram/drs_kz

Спортшымыз жапондық Юкима Мориямадан жеңіліп қалды

22 қыркүйекте ашық суда жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Федотова Самарқанда (Өзбекстан) өткен Х Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Азия құрлығының көптеген жетекші жүзушілерімен сынға түскен қазақстандық спортшы 5 шақырым қашықтықта үшінші орынды иеленді. Мария Федотова жапондық Юкима Мориямадан жеңіліп қалды да, Юкима алтын алды. Ал екінші мәреге Гонконгтан Йинг Нип келді.
Өзге қазақстандық спортшылар – Диана Тасжанова мен Ирина Архипова сәйкесінше бесінші және жетінші орындарды иеленді.

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан өкілдері мынадай орындарда:
• Виталий Худяков – бесінші орын;
• Ғалымжан Балабек – алтыншы орын;
• Лев Черепанов – жетінші орын.