Марат Башимов қоғам арасындағы күрделі мәселелерді референдум шешетінін айтты

Марат Башимов қоғам арасындағы күрделі мәселелерді референдум шешетінін айтты
Сурет: El.kz

Референдумда бір кісідей жұмылсақ қана өзіміз қалағандай Қазақстанды құра аламыз. Осылай деген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Башимов қоғам арасындағы күрделі мәселелерді шешуге болатынын айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Бұл ретте ол халықты референдумге қатысуға шақырды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы ең маңызды  мәселе –  әділетті мемлекет болсыншы деді. Әділетті қоғам деген  ұғым азаматтарға түсінікті болды. Біз заңгерлер әрқашан айтамыз. «Конституцияның ең маңызды принциптері осы адам құқықтарын қорғау», – деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Башимов.