Марадона туралы 5 қызықты дерек

Марадона туралы 5 қызықты дерек
Сурет: Сhampionat.com

Әйгілі футбол жұлдызы!

Әлемде өз күшімен биік белесті бағындырғандар аз емес. Мұндай жандар өзінің айқын мақсаты арқылы көпшілікке өздерін дәлелдейді. Дүние қызыққа толы. Оны қызық ететін де адам. Сондай жанның бірі - аргентиналық Марадона. Бұл жолы дүние жүзіне атағы шыққан даңқты футболшы жайлы сыр шертеміз.

  • Диего Марадона өте кедей отбасында дүниеге келді. Ол жанұяда бесінші перзент болып туылды. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары болды. Бірде оған жиен ағасы доп тарту етті. Нақ сол кезде оның жасы 7-де болатын. Міне, сол кезден бастап, қайда жүрсе де допты жанынан тастамады. Тіпті жатарда да құшағында ұстады.
  • Марадона ойнаған команда өздерін биік сезінетін. Ол сол кездегі күш-қуатымен қазіргі заманның футболына әкелсе де, басқаларға дес бермейтін еді. Марадона өзінің керемет дриблингімен, сондай аласа бойымен өзін алаңда еркін сезінетін, қарсыластары қанша құлатқысы келсе де, өзінің шыныққан денесімен басып өтіп кететін. Марадона аса мықты бомбардир емес, бірақ оның әр салған голы маңызды және ойынды шешіп отырған.
  • Небәрі 10 жасында Аргентинаның «Лос Себоллитос» деп аталатын балалар клубына мүшелікке өтеді. Диего футбол королі Пеле секілді алаңға ырымдап 10 нөмірлі футболкамен шықты. Спорттың осы саласына құмартқандығы соншалық, 14 жасында оқуын жалғастырудан бас тартып, уақытының барлығын футболға бөлді.
  • 1986 жылғы Мексикадағы жарыста Аргентинаның жеңісі Диего Марадонаның есімімен тікелей қатысты. «Бір ғана актердің театры» аталып кеткен чемпионатта Марадонаның құрамасына тигізген пайдасы ұшан-теңіз. Жеті матчта қарсыластарының қақпасына бес доп салды. Осылайша, құбылыс жасады деуге болады.
  • Әйгілі футболшы - аты аңызға айналған тұлға. Оның қатысқан матчтары қызық болғандығы соншалық, тіпті жанкүйерлердің бір-бірімен төбелесіне алып келетін. Сондай-ақ, «Алтын доптың тұңғыш иесі» атанды. Сөйтіп, «Сан Диего» деген лақап атты иеленді, мағынасы - әулие Диего. Бүгінгі күнге дейін күллі әлемнің алдында сүйікті футболшы атағымен тарихта қалды.