Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан жол учаскесі жабылды

Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан жол учаскесі жабылды
Cурет: Baq.kz

Маңғыстау облысында жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты жол бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылды. Айтап айтқанда: «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге болмайды. Бұл Шетпе-Жетібай учаскесі. Шектеу 02.03.2022 сағ.13.30 бастап (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен) енгізілді. Штаттан тыс жағдай туындаса ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі 1403», - делінген ақпаратта.