Маңғыстау облысында киік саны 28 мыңға жетті

Маңғыстау облысында киік саны 28 мыңға жетті
Cурет: Ашық дереккөз

Өңірде әуесанақ жүргізілді

Үстірт киігінің саны 28 мыңға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Сәуір айында Маңғыстау өңірінде әуесанақ жүргізілді. 2001 жылы ақбөкеннің күрт азайып кеткені айтылған еді. Үстірт киігі негізінен Қарақалпақстанда қыстайды. 
Көктемде қайтар жолда біразы браконьер оғына ұшады. Соңғы жылдары дала жануарының жүру бағыты солтүстікке қарай өзгерді.
Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы келтірген мәліметте Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясын қоса алғанда елдегі ақбөкен саны 1 млн 300 мыңнан асқан.