Мандаринді тұтыну кімдерге қауіпті?

Мандаринді тұтыну кімдерге қауіпті?
Сурет: Ntv.ru

Нутрициолог: ас қорыту жүйесінде проблемасы бар адамдарға мандарин қауіпті болуы мүмкін

Мандариннің құрамы пайдалы дәрумендерге толы, алайда ол кейбір адамдар үшін қауіпті жеміс болуы мүмкін. Ас қорыту жүйесі ауруларымен ауыратын, және екі жасқа дейінгі балаларға оны жеуде абай болған жөн. Бұл туралы нутрициолог әрі фитнес-жаттықтырушы Наталия Кушнир айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Сарапшы гастрит, колит, асқазан жарасы бар адамдарға бұл жемістерді опырып жемеуге кеңес берді. Олар ұйқы безі мен өт қабының проблемалары бар болса, зиянын тигізуі мүмкін.

«Мандариндер B, P, K, D тобындағы дәрумендерге бай келеді, олардың құрамында кальций, магний және калий бар. Сонымен бірге бұл жемістер керемет антидеприссант болып табылады. Дәмі ғана емес, түсі мен иісі де керемет, бірден мерекені еске түсіреді», - деп атап өтті маман.

Нутрициолог цитрус жемістері көбіне аллергия тудыратынын және  мереке кезінде бұл өнімді шектен тыс жеуден сақ болуды еске салды. 

Ал бұған дейін диетолог Михаил Гинзбург D дәруменіне бай ас COVID-19-бен ауырып, жазылғандар үшін денсаулықты қалпына келтіруде тиімді әсер ететінін айтқан еді. Сарапшының айтуынша, теңіз балығы, мысалы, скумбрия мен майшабақтың D дәруменіне бай келеді. Ол тамақтану рационында қабынуға қарсы әсері бар азық-түліктер: нан, астық жармалары, жаңғақ пен ашымал сүт өнімдері болуы керектігін атап өтті.