Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Сурет: Qazaly.kz

Қазақстандықтар 2022 жылғы мамыр айында үш мерекені атап өтеді

Бұл - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні. 1 мамыр жексенбі күніне тұспа-тұс келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады. Ал қазақстандықтар 9 мамыр - Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады. Осылайша, демалыс күндерінің жалпы саны мамырда бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, алты күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болады.