Мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Almaty-akshamy.kz

Жас көшбасшылар қоры G-38 қоғамдық қоры Self Made жобасы аясында ХБК базасында қалалық жетекші компанияларды шақыра отырып, жалпы қалалық мамандықтар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жәрмеңкенің ашылуында ХБК ректоры Имандосова Маргарита Булатовна, ХБК бірінші проректоры Меңдіғалиев Қайыржан Ермекұлы, ХБК жанындағы инновация және қосымша білім беру институтының маманы Құрманқұлов Мағжан, HeadHunter сервисінің PR-менеджері Махмудова Рахима сөз сөйледі.

Іс-шараға 34 жұмыс беруші компанияның өкілдері және 500-ден астам студент қатысты.

Іс-шара аясында мынадай тақырыптарда мастер-кластар өткізілді: "Ізденушінің түйіндеме-визит карточкасы". "Өзінің кәсіби құзыреттілігін таныстыру немесе әңгімелесуде қалай жеңуге болады " ("AlinaGroup"ЖШС), "Компанияда мансаптық өсуге арналған 5 кеңес және өз жобаңызды құруға арналған 5 кеңес" (Easyli.kz).

Жұмыс беруші компаниялар қаржы, экономика, есеп және аудит, менеджмент, халықаралық қатынастар, радиоэлектроника және техника, туризм, аударма ісі, құқықтану және журналистика салаларында өз қызметін жүзеге асыратын жас мамандарға қолжетімді бос жұмыс орындары мен оларға қойылатын талаптар туралы айтып берді.

Олардың ішінде ең танымалдары: AlinaGroup ЖШС, Qbi Analytics, "Қазақтелеком" АҚ, "Datex Enginering" ЖШС, "Отбасы банк", "Евразиялық банк", "Форте банк", Halyk Bank, Арыстан ЕРС, United-group, STD project, Alder, Headhunter, EasyTap және т. б.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға: жұмыс берушілерге, түлектерге және студенттерге мамандықтар жәрмеңкесіне белсенді қатысқаны үшін үлкен алғысын білдіреді.