Мамандар Солтүстік Кореядағы COVID-19 індетінің таралуына алаңдаулы

Мамандар Солтүстік Кореядағы  COVID-19 індетінің таралуына алаңдаулы
Сурет: Topspb.tv

Себебі бұл елде вакцина жоқ.

Денсаулық сақтау қызметімен айналысатын халықаралық ұйымдар Солтүстік Корея билігінің «елдегі COVID-19 індеті бақылауға алынды» деген сенімді жауабына қарамастан, алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19  таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың алаңдаушылық білдіруіне КХДР-да вакцинаның мүлдем болмауы, жергілікті медициналық мекеме мүмкіндіктерінің шектеулілігі және азық-түліктің жетіспеушілігінен туындаған халықтың көп бөлігінің әлсіз денсаулығы себеп болып отыр.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қатаң санкцияларына ұшыраған бұл мемлекет  коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуы үшін мінсіз ортаға айналады деп дабыл қағуда», -  делінген хабарламада.