Мамандар пандемияның Орталық Азия елдеріне тигізген әсерін айтты

Мамандар пандемияның Орталық Азия елдеріне тигізген әсерін айтты
Сурет: Baq.kz

Экономиканың осал тұстарын ашып берді.

Пандемия өзге аймақтардағыдай Орталық Азия елдері экономикасының сыртқы күйзелістерге деген осал тұстарын ашты. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының орынбасары және БҰҰ Даму Бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Уша Рао-Монари Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің екінші өңірлік Тұрақты даму мақсаттары саммитінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

Осы жолғы саммит «COVID-тен тыс - Орталық Азиядағы әділетті қалпына келтіру жолында» тақырыбымен өтіп жатыр.
Уша Рао-Монаридің айтуынша, денсаулық сақтау, экономикалық, экологиялық және саяси төтенше жағдайлардың қабаттасуы, азық-түлік, энергия және шикізат бағаларының рекордттық өсуі, пайыздық мөлшерлемелердің өсуі және келе жатқан қарыз ауыртпалығының барлығы Covid-19 пандемиясынан кейін оңалту шараларына қосымша салмақ болып отыр.

«Пандемия әлеуметтік қауіпсіздік желілері мен денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігін, қосарлы еңбек нарығын және қаржыға қол жеткізудегі теңсіздікті күшейтті. Бір буын ішінде бірінші рет біз 2030 жылға қарай Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне жолындағы сәтсіздікке куә болдық. Жаһандық төтенше кедейлік деңгейі 20 жылда алғаш рет өсіп отыр. Пандемия басқа аймақтардағыдай Орталық Азия елдері экономикасының сыртқы күйзелістерге деген осал тұстарын ашты. Саудадағы үзілістер, тұтыну мен инвестицияның құлдырауы, мигранттардың ақша аударымы, мұнай мен минералды шикізат экспортынан түсетін кірістер аймақтағы барлық елдердің жалпы ішкі өніміне әсер етуде. Шағын және орта кәсіпорындар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, әсіресе, олардың қызметтеріне сұраныстың төмендеуіне ұшырайды», - деді ол.