Мамандар биыл ауа райы егінге қолайлы екенін айтты

Мамандар биыл ауа райы егінге қолайлы екенін айтты
Сурет: 0432.ua

Синоптиктердің болжамы.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, биыл егінге қолайлы ауа райы байқалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап. 

«Барлық астық егетін аймақтарда жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар, оңтүстік өңірлерде ылғалмен қамтамасыз ету тапшылығы байқалады. Осыған байланысты оңтүстік өңірлердің әкімдері сумен қамтамасыз ету шараларын уақтылы қабылдауы қажет. Мысалы, лимиттерді сақтау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек», - дейді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. 

Министрдің айтуынша, өнімділікті сақтау мен арттырудың келесі қадамы өсімдіктерді қорғау шаралары болып табылады.

«Осыған байланысты облыс әкімдерінен арамшөп өсімдіктері мен зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізуді бақылауға алуды сұраймын», - дегенді қосты министр.