Мамандар базалық мөлшерлеменің неге көтерілгенін түсіндірді

Мамандар базалық мөлшерлеменің неге көтерілгенін түсіндірді
Сурет: Kapital.kz.

Қазіргі инфляцияның өсуі ұзаққа созылуы мүмкін.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16 пайыз деп белгіледі. Бұл туралы Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ұлттық бактің ақша-кредит саясаты комитеті 27 қазаннан бастап базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтеру жөнінде шешім қабылдады. Шешім инфляцияның жеделдеуіне және бағаның өсуі біздің болжамды бағалауымыздан едәуір жоғары қалыптасуына байланысты қабылданды. Биылғы жылдың соңына қарай инфляцияның 16-18 пайыз аралығында қалыптасатынын болжаған едік. Қыркүйек айында нақты инфляцияның жасалған болжамнан асып түсуі, инфляциялық күтулердің оң фискалдық серпін аясындағы инфляцияның компоненттерінің тұрақтылығының, жоғары сыртқы инляцияның, тауар жеткізу жолдарының бұзылуының, Ресейден жоғары инфляиця импортының жалғасуының, сондай-ақ өндіріс шығындарының өсуінің салдарынан орындалды. Инфляцияның тұрақты өсуінің айқын белгілері байқалуда», - деді банк төрағасы.

Сондай-ақ ол қазіргі инфляцияның өсуі ұзаққа созылуы мүмкін екенін атап өтті.

«Мұндай жағдайда оның қарқынды өсуі ұзаққа созылуы ықтимал. Осының бәрі ақша-кредит талаптарын қатаңдатуға бағытталған шешуші шаралар қабылдауды қажет етеді. Нақты базалық мөлшерлеменің өзінің қалыпты мәнінен ұзақ уақытқа айтарлықтай ауытқуына жол бермеген жөн. Себебі бұл инфляциялық процестің бақылаудан шығуына әкеліп, кейінгі жылдары инфляцияны тұрақтандыру мүмкіндігін азайтады», - деді Ғалымжан Пірматов.

Еске салсақ, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді.