Мамандар базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкіндігін айтады

Мамандар базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкіндігін айтады
Сурет: Businessgenom.ru

Кезекті шешім 5 желтоқсан күні жарияланады.

Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов 2023 жылы да қаржы реттеушісінің ақша-кредит саясаты қатаңдауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2023 жылдан бастап инфляцияны жоспарлы түрде төмендету үшін қажетті базалық мөлшерлеме деңгейіне барынша нақты бағалау жүргізіледі. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы көтерілу мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда Ұлттық банк ақша-кредит талаптарын одан әрі қатаңдату мүмкіндігін қарастыратын болады. Бұл сценарийдің ықтималдығы жоғары деп бағалануда», - деді ол Ұлттық банктің арнайы брифингінде.

Ғалымжан Пірматов жыл соңына болжанып отырған инфляция мен ақша-кредит талаптарының бағалауларын ескергендерін, базалық мөлшерлеменің тағы да көтерілуі мүмкін екенін айтады.

«Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2022 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-де жарияланады», - деді Ұлттық банк басшысы.