Мамандар Алматыдағы өзен арналарын тазалады

Мамандар Алматыдағы өзен арналарын тазалады Сурет: Almaty-akshamy

Тазарту жұмыстарын 337 адам жүргізді.


Алматыдағы өзен арналары тазарды. Мұндай жұмыстар қалада өткен «Көктем-2022 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне cілтеме жасап.


Негізгі жаттығу жұмыстары Алатау ауданында «Қарғалы» өзенінің жағасында жүргізілді. Өзен арнасының түбі тереңдетіліп, қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.



Бұл су ағынын жылдам өткізуіне мүмкіндік беріп, аудандағы 57 жеке тұрғын үйді су басу қаупінен қорғайды. Оқу-жаттығу қаланың қалған 7 ауданында да өткізілді. Оның аясында өзен арналары мен арық жүйелері қатты-тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Барлығы 42 шақырым өзен арналары тазартылып, 520 текше метрден астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.



«Оқу-жаттығуға жалпы саны 337 адам ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлік ұйымдары мен ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері және 67 арнайы және инженерлік техника жұмылдырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17