Мамандар Алматы облысында дауыл болатынын ескертті

Мамандар Алматы облысында дауыл болатынын ескертті
Сурет: Kmscity.ru

Азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Алматы облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 2022 жылғы 12 шілде күні Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күн күркіреуі және дауылды жел соғуы күтіледі. Батыстан жел соғып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының ТЖД  азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.