Мальдив аралдарында "омикрон" штамы анықталды

Мальдив аралдарында "омикрон" штамы анықталды
Сурет: Russian.rt.com

Мальдив аралдарына "омикрон" штамын турист әкелген

Мальдив аралдарында COVID-19-дың «омикрон» штамының жаңа нұсқасын жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Риа Новости мәліметінше, вирусты аралға турист әкелгені хабарланды.

«Біз Мальдив аралдарында COVID-19 «омикрон» нұсқасының алғашқы жағдайын анықтадық. Бұл жағдай туристен алынған оң үлгіде жүргізілген геномдық секвенирлеу нәтижесінде белгілі болды», - делінген Мальдив денсаулық сақтау агенттігінің (HPA) Twitter-дегі хабарламасында.