Мақсат – ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу

Мақсат – ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
almaty-akshamy.kz

YouTube – бұл қызметтерді немесе белгілі бір өнімді жылжытудың ең қолжетімді, түсінікті, келешегі жар­қын жолдарының бірі. Көптеген ком­паниялар осыны түсінгендіктен, өз­дерінің YouTube арналарын жасайды. БЖЗҚ да өз салымшылары, алушы­лары және қазақстандық жинақтау­шы зейнетақы жүйесіне қызығушы­лық танытқандардың барлығына да пайдалы әрі қажетті нәрсені көп білу­ге болатын, сонымен қатар олардың қаржылық сауаттылығын арттыра­тын заманауи алаңды ұсына отырып, бұл үдерістен шет қалмады.

Жазылушыларға ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат қазақ және орыс тіл­дерінде беріледі.

Бейнематериалдар тақырыптық ой­нату тізімдеріне бөлінген: жылдар бо­йынша жаңалықтар мен түсініктемелер, БЖЗҚ-ның бейненұсқаулықтары, Zeinet. kz/Пенсия.kz бағдарламаларының шыға­рылымдары, «Зейнетақы жүйесі туралы екеуара әңгіме» айдары аясындағы сұх­бат.

Сонымен, БЖЗҚ-ның YouTube арна­сы жазылушыларға нені ұсына алады?

Мұнда Сіз зейнетақы қызметтерін пайдалану бойынша қадамдық бейне- нұсқаулықтарды тамашалап, мысалы, мынадай сұрақтарға жауап ала аласыз:

– Өз зейнетақы жинақтарының ин­весторы болу үшін не істеу керек?

– Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын неге және қалай алуға болады?

– Болашақ зейнетақыны қалай есеп­теуге болады?

– «Жеке кабинетті» қалай пайдалану­ға болады?

Сондай-ақ, басқа да көптеген бейне- кеңестер бар. Оларды зерделей отырып, сіз БЖЗҚ-ның сайтында немесе ұялы қосымшасындағы кез келген функцияны оп-оңай меңгересіз.

Пайдалы ақпаратты жеке эпизодтар­ға бөлініп, жаңадан түсірілген егжей- тегжейлі сюжеттерден де алуға болады. Бұл пайдаланушыға бір материалдың ішінен қажетті сұрағын немесе талқыға салынып отырған тақырыбын оңай табу­ға мүмкіндік береді.

Арнадан БЖЗҚ мамандарының да, шақырылған сарапшылардың да пікір­лерін көріп, тыңдауға болады. 31-телеар­надан көрсетілетін Zeinet.kz/Пенсия.kz бағдарламасының барлық шығарылым­дарын да осы YouTube арнамыздан таба аласыз.

Қысқа бейнематериалдардан басқа, сұхбат форматында берілетін күрделі сараптамалық бағдарламаларды да ба­йыптап, бағасын беріп отырсаңыз бола­ды. Жүргізушілер өз қонақтарына тосын да, өткір сұрақтарын қойып, жауап ретінде сындарлы кәсіби пікір алады. Бұл сарапшысымақтардың қаңқу әңгіме­лері мен сылдыр түсініктерінен түбе­гейлі ерекшеленеді.

Жалпы, мұнда көптеген ақпарат бар және әркім өзіне қажетті ақпаратты та­бады деп үміттенеміз. Біздің арнаға жа­зылыңыз, ыңғайлы болу үшін төменгі жағындағы QR кодын қолданып, «лайк» басып, түсініктеме беріңіз, сұраңыз! Біз әрдайым қуана жауап беріп, көмекке ке­луге дайынбыз!

P.S. Бейнежазбаны көрген кезіңізде, алдымен, жариялаған күніне назар ауда­рыңыз! Өйткені, БЖЗҚ ақпаратты үнемі жаңартып отырады. Арнаға өзекті нұсқа ғана жүктеліп, ескі бейнежазбалар жо­йылмай, мұрағатта сақталып қалады. Сол себепті, пайдаланушы 2015 жылғы бейнежазбаны көріп, оның ескірген ақ­парат екенін байқамай қалуы әбден ық­тимал.