Махмұд Телегүсов, «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: Станция атауын өзгерту – маңызды қадам

Махмұд Телегүсов, «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: Станция атауын өзгерту – маңызды қадам
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Момышұлының ерлігі мен соғыс жауынгерлері жайлы ақпарат берілсе деймін.

«Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмұд Телегүсов Бауыржан Момышұлының құрметіне «Достық» метро станциясының атауын өзгерту өте маңызды қадам екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол Бауыржан Момышұлының есімі тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды екендігін айтады.

«Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеу қорғанысына қатысқан ел қаһарманы. Момышұлы өзіне тән айла-тәсілмен немістің қаншама мың әскерін талқандаған адам. Ол соғыс кезінде жаңа техниканы ұтымды пайдаланды. Қарсы шабуылдап келе жатқан жау әскерін алдынан тосып алмай, өз әскерін екі жаққа бөліп, жау әскері жақындағанда алдымен оң жақтан шабуыл берген. Кейін жау әскері бағытты оң жаққа бұрған уақытта, сол жақтан шабуылдаған екен. Оның бірегей ұрыс тактикасы бүгін әлемде қызу зерттелуде, - дейді М. Телегүсов.

Оның ойынша, оқушылар мен студенттер біздің тарихымызды білуі керек, метро станциялары кімнің есімімен аталатынына қызығушылық танытуы тиіс.  

«Станция атауының артында Бауыржан Момышұлының ерлігінен, Ұлы Отан соғысына аттанған қазақтардың тарихынан үзінділер берілсе нұр үстіне нұр болар еді. Қазақ жерінің батырлары көп қой. Оны ұрпақ ұмытпауы керек», - деп атады бірлестік төрағасы.