Мағжан Шамшадин дзюдодан Grand Slam турнирінде алтын медаль еншіледі

Мағжан Шамшадин дзюдодан Grand Slam турнирінде алтын медаль еншіледі
сурет: Olympic.kz

Кореялық спортшы үш ескерту алды

Хорватия астанасы Загребтегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстандық Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Мағжан Шамшадин жартылай финалда франциялық Максим Мерлиннен басым түсіп, ақтық сында кореялық Вон Джин Киммен татамиге шықты.

«Тартысты өткен белдесу барысында кореялық спортшы үшінші ескерту алып, жеңіс Мағжанға берілді. Вон Джин күміс жүлдені місе тұтты», -делінген хабарламада.