Магистратураға құжат қабылдау басталады

Магистратураға құжат қабылдау басталады
Сурет: Рostupi.online

Енді оқуға қабылдау жылына екі рет өткізіледі.

Биыл 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы мәлімет берген Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, байқауға жазда грантқа түсе алмаған үміткерлер де, бұрын кешенді тестілеуден өтпегендер де қатыса алады.

«Мұндай маңызды шешімдерді қабылдау кезінде министрлік студенттердің мүддесін әрқашан бірінші орынға қояды. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік грантқа үміткерлер жылына екі рет, дәстүрлі түрде – жазда және қосымша қыста тестілеуден өте алатынын хабарлаған. Енді талапкерлер 1 қарашадан бастап магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарын тапсыра алады. Тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда үміткерлер жаз айында оқуға қабылдау қорытындысы бойынша бөлінген гранттарды ұтып ала алады», - деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.