Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау ұзартылды

Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау ұзартылды
Сурет: интернеттен

1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтихандарына құжаттар қабылдау басталған.

 Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжат қабылдау мерзімі 18 қарашаны қоса алғандағы мерзімге ұзартылды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

 Қазақстандықтардың өтініштерін ескере отырып, енді кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі тағы үш күнге ұзартылды.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілердегі парақшаларында магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет, яғни дәстүрлі түрде жазда және қосымша қыста өтетінін хабарлаған болатын.

«Министрлік студенттердің мүдделерін әрқашан бірінші орынға қояды. Сондықтан министр оқуға түсу үшін тағы бір мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады. Тестті сәтті тапсырған жағдайда үміткерлер жазғы қабылдау қорытындысы бойынша артық қалған гранттарды ұтып ала алады», — деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.