Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Сурет: Тengrinews.kz

Тестілеу компьютерлік форматта өтті.

Магистратураның қысқы конкурс қорытындысы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

«Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу сертификаттарының балдарына сәйкес конкурстық негізде берілді. Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша - 100 грант», - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асады. Ал оқу ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады. Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен министрліктің Telegram-арнасы арқылы танысуға болады.

Кешенді тестілеу 28-1 желтоқсан аралығында компьютерлік форматта өтті. Магистратурада білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 6-12 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2029 адам қатысты.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді.