Мәжілісмендер Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті

Мәжілісмендер Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті Сурет: Almaty-akshamy

Өзекті мәселелерін талқылады.


Алматыға жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Айгүл Құспан және Жұлдыз Сүлейменова қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесіп, залалды өтеу бойынша төлемдер мен өтемақыны жеделдетудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осындай кәсіпорындардың бірі «DasAutoServise» ЖШС болып табылады, ол мародерлердің шабуылына ұшырады. Автосервис иесі Кирил Нагиев 6 жыл бойы автомобильдерді жөндеумен және автобөлшектерді сатумен айналысады және мұнда аталған жерді жалға алады. Олар орын алған жағдайдан кейін жалақы әлі алмаған.



«Біздің автосервисімізде клиенттердің 9-ға жуық көлігі болды, барлығы өртенді. Олар да тексеруден өтіп, залалды өтеуге өтініш береді. Біз шығын сомасын тек 40 млн теңгеге дәлелдей алдық, өтінім қазір мақұлдау кезеңінде. Барлық құжаттар мен диагностикалық жабдықтардың да жанып кеткеннің салдарынан дәлелдей алмағанымыз қаншама», - деді К.Нагиев.




Жаппай тәртіпсіздік кезінде автосервисте болған автокөлік иелерінің өтініштері электрондық платформада жеке тіркелген, олар қаралу үстінде. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздік барысында 2 автокөлік ұрланды.


Автосерис ғимаратының өзіне келетін болсақ, қазіргі уақытта ғимараттың қолданыстағы параметрлерін сақтай отырып, қайта құруға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Алайда иесі ЖСҚ және сараптамалық қорытынды үшін қаржылық тұрғыда төлеу мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді.



«Бұл жағдайдың күрделілігі неде? Мұнда иесі біреу, бірақ бір бизнес аясында 10-нан астам қосалқы жалға алушы жұмыс істейді. Бұл кейс бойынша бізде түсіністік бар, ең бастысы, кәсіпкерде алдағы жоспардың көрінісі пайда болды. Біздің аудан әкімдігімен келісіміміз бойынша бүгін-ертең иесіне нақты жоспар-кесте ұсынылады. Онда қашан, қай мерзімде, қандай сараптамалар жүргізу керектігі көрсетіледі. Біз де мұны бақылауға аламыз, қалалық қызметтердің жұмысын жеделдететін боламыз», - деді мәжілісмен Айдос Сарым.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет