Мәжіліс сайлауына тағы екі жаңа партия қатыспақ ниетте

Мәжіліс сайлауына тағы екі жаңа партия қатыспақ ниетте
сурет:el.kz

Әділет министрлігі тағы екі партияны тіркеуді қарастырып жатыр.

8 ақпанға дейін тіркелген партиялар Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Әділет вице министрі Алма Мұқанованың айтуынша, тағы екі саяси партияға тиісті растама құжаттары берілді.

«Екі саяси партияға тиісті растау берілді, олар: «Ел тағдыры», «Ұрпақтар жалғастығы» партиялары. Ендігі келесі кезең – съезд өткізу. Сондықтан олардың жеделдігіне байланысты, егер 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады», - деді Әділет вице-министрі.