Мәжіліс сайлауына биылға республикалық бюджетте қаражат жоқ

Мәжіліс сайлауына биылға республикалық бюджетте қаражат жоқ
Сурет: Tengrinews.kz

Бұл туралы Үкімет қабырғасында Қаржы министрі айтты.

Ерұлан Жамаубаев науқанға қаржы қажет болса, бюджет наурызда қайта қаралатынын жеткізді. Егер Орталық сайлау комиссиясынан тапсырыс болса, онда шұғыл түрде Үкімет резервінен бөлінуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Республикалық бюджетте биылға қаражат жоқ сайлауға. Егер нақтылау кезінде керек болса, оны қарастырамыз. Бірақ өткізу керек болатын болса, біз қаражат бөлеміз ғой», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.