Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 79 байқаушы тіркелді

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 79 байқаушы тіркелді
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

ОСК: 9 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан барлығы 79 байқаушы тіркеуден өтті.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны барысында ұсыныс білдірген шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын акредиттеудің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Халықаралық байқау инстиуты ашылғаннан бері 9 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан барлығы 79 байқаушы тіркеуден өтті. Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекет пен 1 халықаралық ұйымнан 4 байқаушыны тіркеуден өткізу ұсынылған болатын. Оның ішінде, Бельгия Корольдігінен 2 кандидатураны, Қырғыз Республикасынан 1 кандидатура, сондай-ақ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясынан 1 кандидатура. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі 16 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауға тіркелген Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының 1 мүшесі байқауға қатыса алмайтыны туралы нота түскенін хабарлады. Осыған байланысты Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының бір мүшесін тіркеуді кері қайтарып алу мәселесі туындап отыр. Баяндалған жағдайлар ескеріле отырып, комиссия қаулысының жобасы дайындалды. Қолдауларыңызды сұраймыз», - деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.