Мәжіліс депутаттары референдумның маңызын түсіндіру үшін өңірлерді аралауда

Мәжіліс депутаттары референдумның маңызын түсіндіру үшін өңірлерді аралауда
Сурет: Egemen.kz

Әділетті Қазақстан құрудың алғышарты

Мәжіліс депутаттары Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов және Сырым Ертаев өңірлерге сапар аясында Түркістан облысына барып, халықпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Басқосулар барысында депутаттар жергілікті тұрғындарға конс­титуциялық түзетулерді түсін­діріп, референдумға қаты­суға шақырды. Штаб мүше­лері Түлкібас ауданының Мичурин ауылдық округінде шар­уа қожалығы иелерімен және кәсіпкерлермен кездесіп, жал­пы­халықтық референдумды өткізудің алғышарттары, ұсы­нылған реформалардың ерек­ше­ліктері туралы баяндады.

"Жалпы, облыста халықпен жүздескенде бірнеше мәселе көте­рілді. Соның ішінде әйел­дер­дің зейнет жасын қысқар­ту­ға ерекше мән берілуде. Бұдан бөлек жайылым жер тапшылығы, өнеркәсіп орындарын ашу, субсидия алу, агро банк құру төңірегінде ұсыныстар айтылды. Бұл референдум шын мәнінде Әділетті Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты болып табылады", – деді Дархан Мыңбай.

Кездесуде ауыл тұрғындары белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарын қо­йып, пікір алысты. Солардың бірі - Түлкібас кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тоғысбаев бірқатар ұсыныс айтып, жаңа өзгерістерге көңілі толатынын жеткізді.

"Осыған дейінгі қолда­ныс­тағы заңдағы 98 баптың 33-не өзгеріс енгізу жөніндегі мәтін­дермен түгел танысып шықтым. Әрине, өте құптарлық мәселе. Себебі біз болашақта Жаңа Қазақстан үшін әділдік пен ашықтықты және демок­ратия­лық реформаларды қолда­­уымыз керек. Ол үшін алда өтетін бүкілхалықтық референ­дум­ға барлық азаматты, әсір­есе жастарды өздерінің бола­шақ­тары үшін келіп дауыс беруге шақырамын", – деді ауыл ақсақалы.