Мәжіліс депутаттары ҚХА өкілдерімен кездесті

Мәжіліс депутаттары ҚХА өкілдерімен кездесті
Cурет: Almaty.tv

Жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістер сөз болып, түрлі ұсыныстар айтылды

«Жаңа Қазақстанды бірге құрайық». Бүгін Мәжіліс депутаттары ҚХА өкілдерімен арнайы кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістер сөз болып, түрлі ұсыныстар айтылды. Ұтымды пікірлер Парламентте көтеріледі. Сондықтан халық қалаулылары қазақстандықтарды 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға белсене қатысуға шақырды.

«Не өзгеріс болады? Қазақстанға қалай әсер етеді? Аудандарға барып, халықпен кездесіп, түсіндіріп жатырмыз. Біз кеше ғана Тараз, Жамбыл облысына  этнос өкілдерін жинадық», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкіржан Күзиев.