Мәулен Әшімбаев Сенат төрағалығына қайта сайланды

Мәулен Әшімбаев Сенат төрағалығына қайта сайланды
Сурет: Senate.parlam.kz

Әшімбаев 2020 жылдан бері Сенат спикері қызметін атқарды.

Сенатор Мәулен Әшімбаев Жоғары палатаның төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгін Сенат отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Сенат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.

Биыл Сенат сайлауы аясында президенттік квотамен Жоғары палатаның депутаты болып қайта тағайындалды.