Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілмек

Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілмек
Сурет: Еgemen.kz

Бұл барлық деңгейдегі мәслихаттарға қатысты.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің айтуынша, мәслихаттарға қосымша өкілеттіктер берілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Спикердің сөзінше, елде мәслихаттардың мәртебесін арттыру мақсаты көзделіп отыр.

"Барлық деңгейдегі мәслихаттарға қосымша өкілеттіктер берілетін болады. Атап айтқанда, әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген проблемаларды шешуіне мониторинг жүргізу, депутаттардың әкімдіктің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатысуы, қажет болған жағдайда бюджетті нақтылауға бастамашылық жасау құқығын беру. Сондай-ақ, мәслихат төрағасының және мәслихат аппараты басшысының әкімшілік және ұйымдастыру мәселелері бойынша өкілеттіктері қаралған", - деп атап өтті Ұлттық экономика вице-министрі.