Мәскеудегі көрмеде Қазақстан павильоны Алтын белгімен марапатталды

Мәскеудегі көрмеде Қазақстан павильоны Алтын белгімен марапатталды
Сурет: Qazaqtv.com

Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде Қазақстан павильоны Алтын белгімен марапатталды.

Жүлде мәдени және ағартушылық бағдарламасы, сонымен қатар мәдени нысандарды қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін берілді. Марапаттау рәсімі «Халықтар достығы» фестивалі аясында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ, еліміздің павильонында қазақ тілін үйрену сабақтары, тоғызқұмалақ пен шахмат жарыстары, түрлі шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

«Қазақстан павильоны көрменің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды. Ол - осы көрмедегі негізгі павильондардың бірі. Бұл – көп функционалды кешен, қызықты экспозиция. Көрмені тамашалаушылардың саны да көп», - дейді ХШЖК стратегиялық даму департаменті басшысының орынбасары Игнат Жолобов.

«Жұмыс күндері шамамен 3-4 мың қонақ келеді.  Кейде 6 мыңға дейін жетті. Ал 9 мамыр сияқты мерекелерде біздің павильон келушілердің саны бойынша рекордтық деңгейге жетті. Бізге 32 мың қонақ келді», - деді «Қазақстан» павильоны бас директорының орынбасары Тамара Бабақова