Мәскеуде Тоқаев пен Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр

Мәскеуде Тоқаев пен Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр
Сурет: Aimak.kg

Кездесу қорытындысы бойынша екі президент бірлескен мәлімдеме жасайды.

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Екі мемлекет жетекшілерінің кездесуі туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

 «Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды. Бұл шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.