Мәсіге қойылған тас мүсін

Мәсіге қойылған тас мүсін vechastana.kz

Көне үлгідегі етіктің мүсіні бас қалаға туристерді тартады деген сенім бар.


Алып мәсінің тас мүсіні осыдан бірер ай бұрын Астананың Есіл ауданынан бой көтерген еді. Өзі бетоннан құйылып, түрлі түсті мальтамен безендірілген. Айта кетерлігі, мозайкаға арналған мұндай шыны қазір еш жерде кездеспейді. Жарты ғасыр бұрын өндірілген материал осыған дейін бір қоймада керексіз боп жатқан.


Туынды авторлары оны іздеп-тауып, мүсінді құйғанша 1 жыл уақытын сарп еткен. 


Мүсінші Мансұр Смағамбетовтың айтуынша, бұл ырымның өз сыры бар. Өткен ғасырда ағылшын ғалымдары Жетісу өңірінен әйел адамға тиесілі мәсі тауып алған. Бүгінде сәнді етік Ұлыбританияның ұлттық музейінде сол қалпында сақталып тұр. Тұманды Альбионға жеткен құнды жәдігер жалпақ жұртқа қазақ мәдениетінен сыр шертеді. Мәсінің таңқаларлық тарихына үңілген авторлар жолы жұғысты болсын деген ниетпен осындай ырым шығарады.  



- Тұрғындар мен қала қонақтарына қызық болар жобаны құрылыс компаниясы мен мәдениет және спорт министрлігі қолдады. "Осы сияқты бірегей туындыларлың санын арттыру қажет. Тек ол үшін шығармашылық қауымды қолдаумен қатар, оған тиісті талап қойылса", -дейді Мансұр Смағамбетов.    


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38